Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай өзін үш рет ажырасқан деп айыптағандарға жауап берді

Опубликовано:

Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай өзін үш-төрт рет үйленді деген алып-қашпа әңгіме шығарғандарға жауап берді. Осылайша, тележүргізуші елді мұндай өсекке ере бермеуін сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол желідегі парақшасына бұдан бірнеше жыл бұрын түскен суретін көрсетті. Онда тележүргізуші, журналист Маржан Сұлтанбаймен күйеу жігіттің киімін киіп түскен.

"Шошымаңыздар. Қазір бәрін айтып беремін. Бұл осыдан 5-6 жыл бұрынғы "ШіркінLife" реалити-шоуының промо фотосессиясы. Республикалық "Керемет" журналы Маржан екеумізді күйеу жігіт пен қалыңдықтың киім үлгісінде (оқырманды тарту үшін) түсіріп, шоу туралы бірнеше беттік мақала шығарған.

Тағы оқыңыздар: Әскерге сап-сау аттанған жас жігіт омыртқасы сынып жүре алмай қалды

От боп жалындап тұрған шақ, тарсылдатып түсіп тастадық. Мені 3 рет, 4 рет үйленді деп өсек шығаратындарға азық болатын болды-ау, мейлі, айта берсін, айта берсін, құлақ та үйренді", - деген ол бұл әңгімеге нүкте қойды.

"Бірінші заңды некем сәтсіз боп, екінші заңды некемен өмір сүріп жатқанымды жақындарым жақсы біледі. Сіздер де алып-қашпа әңгімелерге ере бермеңіздер. Бұл жәй ғана шоу, рейтинг үшін түскен дүние болатын. Маржан екеуміз доспыз, әріптеспіз, арада ешқандай артық әңгіме болмаған", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1533127-askhat-sadyrbay-ozin-ush-ret-azhyrasqan-d/

pixel