RU

Айнұр Тұрсынбаева Астана әкімінің ауызашарына барғанын айтып мақтанды (фото)

Астана әкімі Әсет Исекешов бірқатар танымал тұлғаларды шақырып, ауызашар берді. Оған Айнұр Тұрсынбаева, Серікзат Дүйсенғазин, Сара Тоқтамысқызы сынды айтыскер ақындар да қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасына Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің дастарханынан сурет жүктеді.

"Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов мырзаның ақ дастарxанында... Ораза биыл жеңіл өткен сияқты маған.. Сіздерге қалай?", - деп жазды ол.

Желідегі оқырмандар болса оның бұл ойына түрлі пікірлерін жарыса жазды.

Кейбірі тіпті оны "мақтаншақ" деп атап, ауызашардағы суреттерін жүктей бермеуді сұрады.

Тағы оқыңыздар: Асхат Садырбай өзін үш рет ажырасқан деп айыптағандарға жауап берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533299-aynur-tursynbaeva-astana-akimininh-au.html