RU

Ел басқарып жүрген президенттер неше рет шаңырақ көтерген?

Орта Азия елдерінде екінші әйел алуға заңмен рұқсат берілмеген. Ол үшін алғашқы әйелімен ажырасу қажет. Алайда бұл заңдылықты сақтай бермейтіндер көбейіп келеді. Ал президенттер мұны қаншалықты сақтап жүр?

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің жұбайы Зироатхон Хошимова  бұған дейін ресми іс-сапарларда көзге түспеген. Оның ресми өмірбаяны былтыр Өзбекстанның либералды демократиялық партиясының сайтында жарияланды. Күйеуі сайлауда жеңіске жетіп, президент атанған соң Зироатхан бірте-бірте көлеңкеден шыға бастады.

Мирзияев өзінің жарымен Ташкенттегі ирригация және мелиорация институтының қабырғасында танысыпты. Бұл кезде Шавкат аталған оқу орнында оқытушы әрі комсорг, ал Зироатхан студент екен.

Бейресми мәліметтерге қарағанда Зироатханның әкесі Мухмуджан Хошимов өте ықпалды әрі асып тасыған бай болған деседі. Мамыр айында Мирзияев жұбайын Қытайға жасаған ресми сапары кезінде алып барды. Өзбек президентінің әйелінің сұлулығына көпшілік тәнті болды. Шавкат Мирзияев пен Зироатханның екі қыз, бір ұлы бар.

Түркіменстанның президенті Ғұрбанғұлы Бердымұхамедовтың бір ұлы, үш қызы және төрт немересі бар. Осы уақытқа дейін президент өзінің жұбайын көпшілік ортаға алып шыққан емес. Ол туралы мәліметтер де жоқ.

Кейбір деректерге қарағанда, Бердымұхамедов екі рет үйленген. Оның алғашқы әйелі түркімен, ал кейінгісі орыс көрінеді.

Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмонның тоғыз ұл-қызы бар. Оның әйелі Азизамох Саадуллоева да осы уақытқа дейін көлеңкеден шыққан емес. Көпшілікке президенттің әйелінен гөрі көңілдестері танымал.

Ел арасында президенттің әнші, биші сұлулардан гарем ұстайтындығы жөнінде әңгімелер көп айтылады. Көңілдестері Рахмонның шетелдерге жасаған іс-сапарларында бірге ілесіп жүретін көрінеді.

Құжат жүзінде олар журналист, әнші ретінде тіркеледі. Соңғы жылдары президенттің ең танымал сұлуларының бірі эстрада әншісі - Гулру Табарованың аты-жөні көп аталады. Қазір ол Душанбедегі тәжік-үнді мәдени орталығының «Рухшона» би ансамблінің режиссері болып істейді.

Тағы оқыңыздар: Сегіз қырлы, бір сырлы: Қырғыз елінің басшысы Атамбаевтың әндер жинағы шықты (фото)

Қырғызстанның мемлекет басшылары да көп әйел алумен аты шыққан. Мәселен, елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің бірнеше әйелі болған көрінеді. Оның ішінде молдован қызы Татьяна Бакиева және өзінің күйеуінен 30 жас кіші Назгүл Толомушова жиі ауызға алынады. Қазір Бакиев Беларусь елінде осы Назгүлмен тұрып жатыр.

 

Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев та екі рет шаңырақ көтерген. Оның алғашқы әйелі Буажардан екі ұлы және егіз қыздары бар. Президент 1988 жылы екінші қайтара үйленді. Оның қазіргі әйелі татар ұлтының өкілі Раиса Атамбаева - медицина ғылымдарының кандидаты. Алмазбек пен Раисаның араларында бір ұлы мен  бір қыз бар.

Дереккөз: "Рейтинг" газеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533370-el-basqaryp-zhurgen-prezidentter-neshe.html