RU

СІМ Қазақстан әскерінің Сирияға аттанатынын жоққа шығарды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан әскерлері Сирияға баруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Хабарланғандай, біздің ел үшін сириялық дағдарысты жақсартуда Астананың келіссөз алаңы болуының өзі үлесімізді көрсетеді.

"Қазақстан ешкіммен Сирияға әскерін жіберу туралы келіссөз жүргізіп жатқан жоқ"

Сириядағы күшейтілген төрт аумақтың қауіпсіздігі қалай қамтылатыны туралы мәселе қазіргі таңда кепіл елдердің Астана процесіндегі құзыреттілігінде. Бұл жайлы және басқа да мәселелер туралы Астанада 4-5 шілдеде өтетін кездесу барысында талқыланады.

Тағы оқыңыздар: Головкин мен Канелоның кезекті көз арбасу сәті қалай өтті? (видео)

СІМ қандай жағдай болмасын өзінің бейбітшілік қорғаушыларын әлемнің кез-келген ыстық нүктесіне жіберу БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі революциясы және бүкіл әлемдік ұйымның мандатымен ғана жүзеге асатындығын атап өтті.

Еске салайық, Осыған дейін түрік және ресейлік БАҚ-тар Ресейдің Қазақстан мен Қырғызстан әскерлерін Сирияға жіберу туралы ұсыныс айтқанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533375-sim-qazaqstandyq-askerlerdinh-siriyagh.html