RU

Талғат Мамашев қытай қазақтарының қамалуына қатысты сұраққа дөрекі жауап берді (видео)

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтуде. Осыған орай құрылтай басшысы Талғат Мамашев кеше журналистердің сұрағына жауап беріп, жиында қандай мәселелер сөз болатынын айтқан. Алайда "Азаттық"  тілшісінің сұрағына жауап беруден бас тартқан ол "басын қатырмауын сұрап", дөрекілік танытқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "Азаттық"  радиосының арнайы сюжетінде айтылды.

"Шыңжаң қазақтарының қамалып жатқаны" туралы соңғы мәліметке қатысты "Азаттық" сұрағына Дүниежүзі қазақтары құрылтайының басшысы Талғат Мамашев дөрекі жауап қайырды", - деп жазды сайт.

Тағы оқыңыздар: Асхат Садырбай өзін үш рет ажырасқан деп айыптағандарға жауап берді

Сюжеттен сұраққа жауап беруді сұраған журналиске құрылтай басшысы "Басымды қатырмашы", - деп жауап қатып, оны қолымен итеріп өтіп кеткенін көруге болады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533453-talghat-mamashev-qytay-qazaqtarynynh-qa.html