RU

ЭКСПО-ға арнайы тамағын пісіріп әкелген ата мен әжей желіде хит болды (фото)

Бүгінде Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтіп жатқаны белгілі. Елордадағы ауқымды шараны тамашалауға ел тұрғындары да түкпір-түкпірден барып жатыр. Желіде ЭКСПО шарасы аясында болып жатқан түрлі қызықты жайттар көптеп таралуда. Солардың бірі үйінен тамақ алып келіп, далада жеп отырған мына атай мен әжейдің суреті.

ЭКСПО-ны тамашалауға келген қарт кісілердің өздерімен бірге өзек жалғар дәмін әкеліп, орындықта тамақтанып отырған суреті желіде лезде тарап кетіп, қызу талқыға түсті.

Тағы оқыңыздар: Қорғаныс министрлігі Отарда жарақат алған сарбазға қатысты түсініктеме берді

Желідегілер Астанада ЭКСПО кезінде қоғамдық тамақтану орындарындағы қымбатшылықты айтып, налыса, екіншілері онда тұрған түк те жоқ деп оларға басу айтты.

Осылай ЭКСПО көрмесін тамашалауға келген атай мен әжейдің суреті желіде хит болып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533543-ekspo-gha-arnayy-tamaghyn-pisirip-akelg.html