RU

Жоғарғы сот атышулы Қайрат Жамалиевтің жазасын неліктен жеңілдетті?

Бас прокуратура "Әлібидің ісі" бойынша сотталған Жамалиевтің жаза мерзімі не үшін қысқартылғанын түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Уәде бергеніміздей, Жамалиевтің ісі бойынша түсіндіріп өтейік. Жоғарғы сот биыл 23 мамырда Жамалиев Қайратқа қатысты сот актілерін өзгертті. Аса ірі көлемде бопсалау әрекеті ірі көлемде болып ауыстырылды. Соған сәйкес осы бап бойынша жаза мерзімі он жылдан жеті жылға қысқартылды. Тиісінше, жалпы жаза мерзімі де жеті жылға қысқарды", — деп жазды бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол түсіндіріп өткендей, осы іс бойынша сотталған Арман Әбілтаев пен Анатолий Прибытковтың жаза мерзімдері де жаңағы себептен сегіз және бес жылға қысқарған. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгертілген жоқ. 

Тағы оқыңыздар: Назарбаев: Бірінші шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетеді

"Назар аударарлық бір жайт, Жамалиевтің қорғаушысы жәбірленушінің жазаны жұмсарту туралы нотариалды куәландырылған өтінішін сотқа ұсынған. Яғни, көріп отырғандарыңыздай, ешкім ақталған жоқ", — деп атап өтті ол.

Бас прокурор көмекшісі сот актілерін өзгертуге не себеп болғанын да көрсетті: істе автокөлік құнының үш бағасы бар. Біріншісін жәбірленуші сот алды кезеңінде есептеп шығарды (аса қомақты шығын), қалған екеуі – іс сотта қаралып жатқан кезде Жамалиевтің адвокаттары есептеді (қомақты шығын).  Қарама-қайшылықтарға байланысты сот сараптама тағайындап, нәтижесінде қомақты шығын келтірілген болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533610-zhogharghy-sot-atyshuly-qayrat-zhamalievt.html