RU

Қостанайда үйіне ұры түскен мылқау әйел қорыққаннан айғайлап жіберген

Рудныйдың екі тұрғыны ішімдік алуға ақша табу үшін Қостанайда пәтерлерді тонауға аттанады, екінші пәтердің иесі мылқау әйел қорқыныштан айғайлап жіберген деп жазады "Наша газета" жергілікті басылымы.

33 және 35 жастағы ер адамдар Қостанайға ақша табу үшін келеді, алайда жұмыс таппай, ішімдікке сылқия тойып, басқа жолмен пайда табуды көздейді, яғни пәтер тонауға кіріскен.

Бірінші жәбірленуші 67 жастағы әйел адам болады. Пәтерге басып кірген ер адамдар үй иесін бірнеше рет ұрып, қылқындыра бастайды. Әйелдің айғайын естіп, көрші бөлмеден атып шыққан немересі қарақшыларды қуып жіберген.

Тағы оқыңыздар: Астананы үйсіздер мен жезөкшілерден тазартқан полицейлер енді көшедегі саудагерлерге кірісті

Жарты сағаттан соң тонаушылар 1972 жылғы мылқау әйелдің үйіне басып кіреді. Олар әйелді соққыға жығып, ақша талап етеді, алайда құлағы мүлдем естімейтін әйел ер адамдарға не керегін түсінбей қояды.

Тонаушылардың бірі шаш бұйралағышты ұстап, сымын қолына орап, жәбірленушіге жақындай бергенде, қатты қорыққан әйелдің жан дауысы шығып, айғайлап жібереді.

Алайда, тонаушыларға не керектігін түсінген соң, қолда бар ақшасын бере салады – 12500 теңге.

Қостанай прокуратурасы екі рудныйлыққа қатысты істі сотқа жіберді. Құқық бұзушылар жеті жылға дейін сотталып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533678-qostanayda-uyine-ury-tusken-mylqau-ay.html