RU

ЭКСПО көрмесіне күтпеген жерден туристер ағыла бастады (фото)

ЭКСПО нысанын көргісі келген туристердің аяқ асты лек-лекпен ағылғаны астаналықтардың таңданысын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Адамдар бір-бірін таптап кетпеуі үшін күзетшілер мен еріктілер туристерді ұзын кезекке тізді.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда үйіне ұры түскен мылқау әйел қорыққаннан айғайлап жіберген

Не себепті, дәл бүгін жүздеген турист бір сәтте нысанды тамашалауға келгені әзірге құпия күйінде қалуда.

Кезекке тізілген туристердің дені - қазақстандықтар.

Тағы оқыңыздар: Астананы үйсіздер мен жезөкшілерден тазартқан полицейлер енді көшедегі саудагерлерге кірісті

"Бәлкім жұма болғасын шығар? Немесе демалыс уақыты басталды. Дегенмен көпшілік қазақстандық павильонды көргісі келетінін қуантады", - дейді полицейлердің бірі.

Айта кетерлігі, көрменің барлық нысандарында бүгін туристер саны ерекше көп болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533821-ekspo-nysanyna-ayaq-asty-aghylghan-sansy.html