RU

Меруерт Түсіпбаева сүйіктісінің сыйлығын көріп, таңғалысын жасырмады (фото)

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева елге сүйіктісінің сыйын көрсетіп, таңғалысын жасырмады. Оның айтуынша, сүйіктісінің қамқорлығы оны тәнті еткен.

Меруерттің айтуынша, оның ескі ұялы телефон ұстап жүргенін көрген жақын адамы Iphone 7 телефонын сыйға тартқан.

Ол адамның осыншама қамқорлығын көрген ол арнайы жазба қалдырып, сүйікті жанына алғысын жаудырды.

"Өмipiмде осындай қамқор адамды кездестipгенiме, тәубе... Өзімнің айфонымды жөндеуге беріп қойғанмын, ал кеше ол менің ұлымның ескі телефонын ұстап жүргенімді көрген болатын (адам осыншама ілтипатты болар ма?). Ал таңертең мені мынадай сый күтіп тұрды. Қамқорлығыңа рахмет, сүйіктім! Мен толқып отырмын", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Асхат Садырбай өзін үш рет ажырасқан деп айыптағандарға жауап берді

Ал желідегі оқырмандар болса Меруерт пен оның жақын адамына бақыт тіледі. Сонымен бірге олар әншіні қуантқан жанның кім екенін де білгісі келетіндерін жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533829-meruert-tusipbaeva-suyiktisininh-syy.html