RU

21-қабаттан лақтырылған киім ілгіш балақайдың басына қадалып қалды (фото)

Қытайда 21-қабаттан лақтырылған киім ілгіш кішкентай балақайдың басына қадалып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы 5-tv.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс жағдай Чунцин қаласында болған. Немересімен үйіне қайтып келе жатқан кейуана бұлай боларын мүлде күтпеген еді.

Тағы оқыңыздар: Қорғаныс министрлігі Отарда жарақат алған сарбазға қатысты түсініктеме берді

Биік үйдегі пәтер тұрғындарының бірі терезесінен киім ілгішті лақтыра салғанда, бұйым балақайдың дәл маңдайына қадалып қалған. 21-қабаттағы пәтер иесі өз кінәсін мойындаудан бас тартқанымен, дәл сондай киім ілгіштер оның сөресінен табылды.

Әжесі қадалған киім ілгішті жедел жәрдем келгенше өзі суырып алмақ болады. Абырой болғанда, оқиға куәгерлері оны дер кезінде тоқтатқан. Үш сағаттық ота сәтті өтіп, балақай жазылып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533872-21-qabattan-qulaghan-kiim-ilgish-balaqayd.html