RU

Мерген "Ислам мемлекетінің" содырын көз ілеспес жылдамдықта атып өлтірді

Канадалық мерген Иракта жауынгерді 3 540 метрден атып өлтіріп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқ McMillan TAC-50 снайперлік қаруынан атылған. Мерген нысанасына оқты көпқабатты үйден атады.

Тағы оқыңыздар: Қорғаныс министрлігі Отарда жарақат алған сарбазға қатысты түсініктеме берді

"Бұл адам сенгісіз шеберлік. Мұндай әлемдік рекордты енді ешкім қайталай алмайтын шығар", - деп жазған жергілікті басылымға оқиға куәгері.

Жауынгердің өлтірілген сәті камераға жазылған. Мергеннің есімі құпия сақталуда. Оқ нысанаға дейін он секундта жеткен.

Еске салсақ, бұған дейін әлемдік рекордты британиялық мерген Крейг Харрисон орнатқан еді. Ол 2009 жылы «Талибан» жауынгерін 2,475 шақырым қашықтықтан өлтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1533905-mergen-islam-memleketininh-terrorshys.html