RU
Жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен павлодарлық қыз бен жігіт қамауға алынды
Жаңалықтар Қоғам

Жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен павлодарлық қыз бен жігіт қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Жағажайда жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігіт әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Сот ведомствосының ақпаратына сүйенсек, 21 жастағы жігіт пен 28 жастағы қыз 17 маусым күні сағат кешкі 17-00 кезінде Ертіс жағасындағы жағажайда демалып жатып, жыныстық қатынасқа түседі.

Олар демалушылардың жасаған ескертуіне құлақ аспаған, сол себепті жағажайға келушілер полиция шақыруға мәжбүр болған. Қыз бен жігіт ұсталды. Павлодар қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қыз да, жігіт те айыптарын толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінді және қатаң жазаламауды сұрады.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО көрмесіне күтпеген жерден туристер ағыла бастады (фото)

Екеуі үйленбеген әрі жұмыссыз екен. Айыптаушы прокурор әрқайсысын 10 күнге әкімшілік қамауға алуды сұрады.

Судья Бибігүл Алинова оларды "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпты деп танып, жігітті 10 күнге, қызды жеті күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.

Сіздің реакцияңыз
344
29
71
37
0
40
98
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel