RU

Қымбат көліктің кілтін иесіне қайтарған балақай ерекше сыйлыққа ие болды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ники Джем есімді пуэрторикандық әнші жоғалтып алған Ламборгини кілтін өзіне қайтарып берген балақайға ерекше сыйлық жасады. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Туған күнінде Lamborghini Huracan көлігін сыйға алған әнші оның кілтін жоғалтып алғанда, қатты көңілі түседі. Бұл туралы естіген жағдайы төмен отбасында тұратын ұл бала оған кілтін табуға барынша көмектескен.

Тағы оқыңыздар: Денесін шынықтырып адам танымастай өзгерген он екі жігіт

Ол кілтті бірінші болып тауып, иесіне қайтарып береді. Бұған қатты қуанған Ники балақайға алғыс ретінде қымбат сыйлық жасады. Ол балақайдың отбасына Jeep фирмасының су жаңа көлігін тарту еткен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қымбат көліктің кілтін иесіне қайтарған балақай ерекше сыйлыққа ие болды (фото)
Mailfire view pixel