RU

Ыстыққа шыдамаған еркектер жаппай белдемше киіп алды (видео)

Күннің ыстығынан әбден мезі болған француздар жұмысқа шалбардың орнына белдемше киіп келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы strana.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Францияда қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа белдемше киіп келуге мәжбүр болды. Себебі, басшылары оларға күннің ыстығында шорты киюге рұқсат етпей қойыпты.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО көрмесінен бірнеше минутқа сыртқа шыққан әйел қайта ішке кіре алмай қалды

Ал шалбарды тым қолайсыз деп тапқан ер азаматтар наразылық акциясын ұйымдастырып, жаппай белдемше киген. Жүргізушілер көліктегі ауа температурасы 50 градусқа дейін қызатынын алға тартты.

Белдемше киген әйел жүргізушілерге қызыға қарайтын ерлер ақыры өздері де белдемше киіп алыпты. Ал елдегі басшылық жұмыскерлерге шорты киюге рұқсат етпей жатқанына төрт жылдың жүзі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534154-ystyqqa-shydamaghan-erkekter-zhappay.html