RU

ЭКСПО көрмесінен бірнеше минутқа сыртқа шыққан әйел қайта ішке кіре алмай қалды

Қостанайдан келген қонақ әйел "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағының сыртына бірнеше минутқа шығып, қайта ішке кіре алмаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Белгілі болғандай бақылау-өткізу бекетінен кірген әйел шамалы уақыттан соң танысының балаларын күтіп алу үшін сыртқа шығады. Көрмеге ол кіре алмаған, өйткені оған ЭКСПО-ға кіру тәртібімен тыйым салынған.

"Не істерімді де білмеймін. Ештеңені де көріп үлгермедім, кірдім де шықтым. Мен ол ережелер туралы білмедім. Балаларым іште күтіп тұр, олардың жасары 9 және 12-де. Не істерімді білмеймін", — деді өзін таныстырғысы келмеген әйел.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО көрмесіне күтпеген жерден туристер ағыла бастады (фото)

Ереже бойынша әйелге жалғыз мүмкіндік билетті қайта сатып алу. Оның құны жұмыс күндері 4 мың теңге, ал демалыс күндері 6 мың теңге. Сонымен қатар ЭКСПО аймағында өтетін іс-шараға қатысу үшін ЭКСПО-ға кіру билетін сатып алу қажеттігін ұмытпау керек.

Іс-шараға қатысу билетін сатып алу жеткіліксіз, көрмеге кіру билеті де міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534170-ekspo-kormesininh-aumaghynan-birneshe-m.html