RU

Ақтөбеде жас келіншекті үш күйеуі де талақ айтып, тастап кетті

Ақтөбелік теологтар үш бірдей күйеуі талақ айтып, ажырасқан жас келіншектің қиын тағдыры туралы шағын фильм түсірді. Бейнеролик жақында жарық көрмек деп хабарлайды Керек-инфо.

Бар-жоғы 18 минутқа созылатын шағын фильмде адасқан келіншек өзінің баянсыз некесі туралы айтып береді. Салафизм бағытын ұстанатын үш күйеуі де оны талақ айтып, тастап кеткен.

- Ақтөбелік келіншек үш рет тұрмысқа шыққан. Алғашқы күйеуімен 17-18 жасында некесін қидырған. Талақ айтып , тастап кетеді. Екінші рет түрмеде отырған жігітпен бас қосады. Алайда ол да бір жыл өтпей, ажырасып кетеді. Үшінші жолы жетім жігітпен отбасын құрған. Ол қазір терроризмді насихаттағаны үшін түрмеде отыр. Теологтар онымен сөйлесіп, жұмыс істеп жатыр. Ол да жас келіншекке талақ айтып, тастап кеткен. Жүкті болған. Алайда ота жасалып, әбден қиналған. Ақыры сәбиінен айрылып қалған. Фильм екі бөлімнен тұрады. 18 минуттық роликте келіншек өзінің қиын тағдыры, өкініші туралы жылап отырып, әңгімелеп береді. Бұл - өте үлкен трагедия, - дейді "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Жандәулет Сулейменов.

Тағы оқыңыздар: Отардағы оқиға: Әскерге сап-сау күйінде келген сарбаз бір күн ішінде сал болып қалды

Бейнероликте теріс ағымның жетегінде болған келіншектің бейнесі анық көрінбейді. Бет-жүзі қараңғыланып, тек сұлбасы ғана көрінеді. Қазір шағын фильм Астанадағы Дін істері министрлігінде сараптамадан өтіп жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534192-aqtobede-zhas-kelinshekti-ush-kuyeui-de-t.html