RU

Өзбекстанда 10 жыл бойы қуғында болған әртіс сахнаға қайта оралды

Өзбекстанға еңбегі сіңген әртіс, танымал сықақшы Обид Aсомов ұзақ уақыт үзілістен кейін, эфирге қайта шығады. Бұл жөнінде Milliy TV ұлттық арнасының Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды деп жазады centralasian.org.

Обид Асомов жүргізетін "Кулиш шарт" ("Күлу шарт") юморлық шоуы 24 маусымнан бастап эфирге шығады. Бұл Aсомовтың ұзақ уақытқа созылған шығармашылық үзілісінен кейінгі бірінші хабары.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да мас күйінде көлік жүргізген әкімнің ұлы куәлігінен айырылды (фото)

54 жастағы әзілкеш Обид Aсомовты он жылдам астам уақыт бойында телеарналардан көрсетуге тыйым салған. Ол бұл жөнінде былтыр қараша айында берген сұхбатында айтқан.

Обид Асомов кезінде ресейлік "Қисық айна" сатиралық сериалына қатысқан. Бірақ осы сериалға түскеннен кейін, оған өзбек телеарналарына жол жабылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534246-ozbekstanda-10-zhyl-boyy-qughynda-bolghan.html