RU

Әйелдің төсек қатынасынан бас тартуының үш себебі

Отбасы құрғанына он жылдан асқан төрт баланың әкесі әйелінің төсек қатынасынан бас тартып жүргенін айтып, ikerim.kz сайтынан кеңес сұрады.

"Тағы да балалы болуға қарсы емеспін. Бірақ неге екенін білмеймін, соңғы кездері әйелім бірге болуға қарсылық танытып жүр. Тек айына бір-екі рет қана қатынасқа түсеміз. Оның не себептен болуы мүмкін, оны қалай білсем болады?", - деп сұрақ қойды азамат.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да мас күйінде көлік жүргізген әкімнің ұлы куәлігінен айырылды (фото)

Жауап: Әйелдің жыныстық қатынасқа қызығушылығының қалмауына үнемі себеп болады. Кейде жәй ғана интимді өмірге өзгеріс керек болуы да мүмкін. Бүгін әйелдердің төсек қатынасына деген қызығушылығын жоятын, әдеттегі себептерге тоқтала кетейік.

Күйзеліс пен шаршау

Отбасы мен жұмысты бірге алып жүрген әйелдерде бұл жиі кездесетін құбылыс. Күн сайынғы жұмыстың ауыртпалығынан шаршап, өзінің күйзеліп кеткенін де байқамай қалып жатады. Белсенді өмір сүретін әйелдердің энергиясы тірлікке кетіп, кешкісін күші қалмайды. Мұндай кезде олар жалғыз ұйықтауды қалайды екен.

Қарым-қатынастың жаңа дейгейі

Алғашқы кездегі құштарлық уақыт өте келе жойыла бастайтыны шындық. Бұндай кезде бір-біріне түсіністік те керек. Жалығу болмас үшін жағалық та табу қажет.

Жыныстық қатынасқа жиі түсу

Бұл әйелдің темпараментіне байланысты. Әйел адам өзіне керектен көп алса төсектен бас тарта бастайды екен. Мысалы оған аптасына бір рет интимді қатынасықа түсу жеткілікті болса, бірақ ол еріксіз тым көп қатынасқа түссе. Ертелі-кеш жұбайлық қарым-қатынасқа деген қызығушылығы жойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534254-ayeldinh-tosek-qatynasynan-bas-tartuy.html