RU

Үш күн теңізде жүзген маңғыстаулық азамат ғажайыптың күшімен аман қалды

Маңғыстау облысында суға шомыламын деп толқынмен жағадан алыстап кеткен азамат табылды. Әбден әлсіреп қалған 24 жастағы жігіт дереу ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды КТК арнасы.

Сценарийі нағыз фильмге бергісіз оқиға маусымның 18-нен 19-на ауған түні болған. Абылай Сүлейменов сол күні досымен бірге Ақшұқыр маңында суға шомылмақ болып, қарапайым автомобиль камерасының көмегімен жүзіп жүріпті. Бірақ қатты толқын оларды жағадан алыстатып жіберген.

Жанындағы досы өз күшімен жүзіп шықса, Абылай ашық теңізге кеткен. Қараңғыда қайда жүзерін білмеген жігіт бағдар жоғалтып алғанын айтады.

Тағы оқыңыздар: Түркияның бұрынғы президенті Астана мешітінде намаз оқыды (фото)

Одан кейінгі екі күн бойы көрген тікұшақтар мен пароходтарға айқайлап, көмекке шақырғанымен нәтиже шықпапты. Тек кеше ғана алыстағы кемеге өз күшімен жүзіп барған.

Ирандық теңізшілер оны дереу ауруханаға жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534299-ush-kun-tenhizde-zhuzgen-manhghystaulyq-az.html