RU

Алматыда автотұраққа бола тұрғындар мен сот орындаушылары төбелесіп қалған

23 маусым күні Алматыда сот орындаушылары мен "Орбита" ықшам ауданы тұрғындарының арасында кикілжің пайда болды. Тұрғындар автотұрақ орнындағы көпқабатты үйдің құрылысына наразылығын білдірді деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Тұрғындар әйел адамға күш көрсеткен сот орындаушыларының бірін айыптады. Көргендердің айтуы бойынша, кейін әйел есінен танып қалып, оған жедел жәрдем шақыртылған.

"Құзырлы орган қызметкері автотұраққа өз көлігімен басып кіргісі келді. Біз оны тоқтатуға тырыстық. Қажетті құжаттарын талап еткеннен кейін ол әйелді қағып кетті. Жылдамдық аса жоғары болмағанымен, дене жарақатын алды. Біз істі қарау үшін жедел жәрдем мен ЖПП шақырдық. Зардап шегуші әйел арызданды», ― деп түсіндірді "Көкжайлауды қорғаймыз" қоғамдық қозғалысының көшбасшысы Абай Ерекенов.

Оқиғаның барлығын ол Facebook-тағы өз парақшасына жариялады.

Екі жақты қақтығыс автотұрақ маңындағы сөзталастан туындаған.

Жер учаскесін жалдаушы автотұрақтың орнына 17 қабатты үй тұрғызуды жоспарлайды, ал 400 автокөлікті жақын маңдағы балалар алаңына ауыстырмақшы.

Автокөлік иелері, әрине, қарсы болған. 5 жыл бойы қарсылық танытып, құқықтарын қорғау мақсатында барлық мүмкін жерлерге жүгінеді. Алайда олардың арызы кері қайтарылған.

Осы жылы үй салушы азамат барлық қажетті құжаттар мен арнайы мамандарды тұраққа жинап, нақты әрекетке баруды жөн көреді.

Келген автотұрақ қызметкерлері оқиғаның алдын алуға тырысты, ал жақын маңдағы тұрғындар үй салушыға айтарлықтай қарсылық білдірген. Олар тұраққа кіретін жерді жауып, құрылыс техникалар машинасының келуіне кедергі жасады.

Ақырында екі жақтың арасында алты сот орындаушысы мен көлік иелерінің төбелесіне әкеп соқтырған кикілжің туындады.

"Біз іште тұрғанда олар бізді қолымыздан, біреуімізді мойнымыздан сүйреп шығаруға тырысты. Біреулердің алқаларын үзіп тастады. Ал біз оларға қарсы күш көрсеткен жоқпыз. Менің алдымда үлкен жастағы бір әйел тұрған, оны ештеңе айтпастан бір жаққа алып кетті. Кейін полицейлер бәрін қуып шықты. Сот орндаушылары өздері әкелген бұзуға арналған техникаларды алып кетті.", — деп мәлімдеді жаппай төбелестің қатысушысы Денис.

Ал, құзырлы ұйым қызметкерлері болса, біз тек сот талабын орындаушылар ғанамыз дейді.

«Орбита» ықшамауданындағы автотұрақтың сүрілетінін жергілікті тұрғындарға бірнеше рет ескерттік. Халыққа сауатты, нақты түсіндірдік. Сот шешімі қолымызда тұр. Ал біздің міндетіміз соны орындау ғана. Осы жолы да 23 маусым күні сағ 10-да сот шешімін орындап, автотұрақты сүретінімізді ескертіп, көрнекі жерлерге хабарлама ілдік. Ал, тұрғындар сот шешімін орындаудың орнына, бірігіп бізге қарсы шықты. Сот орындаушысының құзырлы орын қызметкері екенін біле тұра жағасын жыртып, жаппай қарсылық көрсетті. Өкініштісі сол, бізге қолдау көрсету міндеті жүктелген аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері әрекетсіздік танытып, тұрғындарды тәртіпке шақырмады»,-дейді Алматы қаласы Әділет департаменті Мүліктік емес сипаттағы істерді орындау бөлімінің аймақтық сот орындаушысы Асхат Рахимов.

Тұрғындар қарсылығынан кейін енді шешімді орындау 27 маусым күнгі сағат 10-ға ауыстырылып, халыққа ескерту айтылған.

« Егер автотұрақтың орнына көп қабатты үй салынғанын қаламаса тұрғындар өз құқығын сотта қорғауы керек еді. Енді сот шешімі шыққан соң оны орындатуға қарсылық көрсету – заңға қарсылық таныту болып саналады. Ол үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Және сот орындаушыларын кінәлі ету бұл жерде артық. Біздің міндетіміз – тек шешімді орындау», - дейді Алматы қаласы Әділет департаменті Мүліктік емес сипаттағы істерді орындау бөлімінің аймақтық сот орындаушысы Рустам Халиков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534324-almatyda-avtoturaqqa-bola-turghyndar.html