RU

Шымкенттік мемқызметкер әріптестерінің неліктен пара алатынын айтып берді

Шымкенттік мемқызметкер әріптестерінің параны жалақы аздығынан алатынын жайып салды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Жәнібек Наушабай кейбір мемлекеттік қызметкерлердің пара алуына жалақының аздығы себеп болып отырғаны ресми түрде дәлелденіп қойғанын айтты.

"Бұл жерде бір-ақ себеппен қарамау керек қой. Әрине, мұның да себептері бар. Пара алуға жалақы аздығының да себебі бар. Ол ресми түрде ғылыми зерттеулер арқылы мойындалып отырған мәселе», - деді шенеунік.

Бұдан өзге бөлім басшысы бұл салада жүргендердің жұмыс ауқымы, жауапкершілігі мен жұмыс жүктемесі өзге салаларға қарағанда көбірек екенін атап өтті.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік бойжеткен 15 жасында өзінен он жас үлкен азаматпен тұрмыс құрған

Дегенмен оның айтуынша, мемқызметке келетін адам бұл қиыншылықтарға арнайы дайындалып, іріктеліп келетін азаматтар болып табылады.

Жәнібек Наушабай мемлекеттік қызметкерге еліміз барлық жағдайды жасап отырғанын, өзі секілді білікті болса, шетелдің танымал оқу орындарында білім алуына мүмкіндігі барын жеткізді.

«Салыстырмалы түрде алып қарасақ, өзім мемлекет қолдауының арқасында АҚШ-тың Дьюк университетінде білім алдым. Әрбір мемқызметкер мен сияқты өзінің біліктілігін, білімділігін  көрсетсе, «Болашақ» бағдарламасы, мемлекеттік академия арқылы оқуға мүмкіндігі бар... Ондай кезде олардың жалақысы сақталады, шәкіртақы төленеді... Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік қызметкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көп», - деп сөзін түйді бөлім басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534372-shymkenttik-memqyzmetker-ariptesteri.html