RU

Алматыдағы арықта көз жұмған бойжеткеннің туыстары жан тебірентерлік хат жазды (фото)

Сүйікті де ардақты кенжеміз Сəуле Мансұрқызының бұл фəниеден кенеттен өткеніне екі аптадай уақыт болып қалды. Орны толмас қайғы қабырғамызды қайыстырып өтті.

Жүзіндей боп алмас қылыш əр күннің,

Жарқ еттің де жоқ болдың ғой құлыным!

Не қыларсың Алла жазған тағдырға,

Бақыл болсын, Ол дүниеде пейілің!

Осы шаңырағымызға келген қайғыны тең бөліскен туған-туыс, құда-жекжат, дос-жаран, Bi group компаниясы, ЖШС "Aibyn" құрылыс, ЖШС "LPG Дистрибьюшн", АҚ "Қаржы Академиясы" əкімшіліктері мен əріптестерімізге ризашылығымызды білдіреміз.

Мына Рамазан айында істеген дұғаларыңыз қабыл болып, Алланың ырзашылығына бөленіңіздер.

Алғыс айтушылар: Шинтуриновтар отбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534425-almatydaghy-aryqta-koz-zhumghan-boyzhetk-2.html