RU

ҰБТ-ға қатысты суреттерімен желіні шулатқан бойжеткен бар шындықты жайып салды

Алматы қаласының түлегі Елена Меньшикова желідегі парақшасында ҰБТ-ға қатысты елді шулатқан суреттердің қалай пайда болғаны туралы айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Мектеп түлегінің айтуынша, ол ҰБТ-ні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде тапсырған. Оның нәтижесі бойынша 109 балл жинаған. Алайда қуанудың орнынан, елдер оны жан-жақтан сынап тастаған.

Бұл күні оның парақшасында ҰБТ бланкілерінің суреттері пайда болған. Ал бойжеткеннің айтуынша, дәл сол күні оның желідегі парақшасына біреулер бұзып, өз мүддесіне қарай пайдаланған.

"Бұл суреттерді мен сынама тесттер кезінде түсіргенмін. Мені парақшамды бұзып, ескі суреттерді жариялай бастады", - деп түсіндіріп берді бойжеткен.

Бүгінгі таңда Елена мен оның анасы құқық қорғау орындарына арыз жазуды ойластыруда. Олар елдің шындықты білмей тұрып, сан алуан жағымсыз пікірлер айтқанына наразы болды.

Тағы оқыңыздар: Бүгін Қазақстан халқы Ораза айт мейрамын тойлап жатыр

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның білім министрлігі мектеп түлектерін ҰБТ кітапшаларын әлеуметтік желіге салудың жауапкершілігі туралы ескертпе жасаған болатын.

Ведомствоның айтуынша, бұл әрекетке тыйым салынған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534577-ubt-gha-qatysty-zhelini-shulatqan-surett.html