RU

Елдің айыптауынан шаршаған Ақбота Сейітмағамбет ресми мәлімдеме жасады

Үш балалы әзілкешке тұрмысқа шыққан Ақбота Сейітмағамбет желіде өзінің жеке өміріне қатысты ғайбат сөз айтқандардың барлығын сотқа сүйрейтін болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Құрметті менің оқырмандарым және жеке өміріме араласқысы келген кез келген желі қолданушысы! Бұдай былай маған арналған кез келген жағымсыз пікір жазған адамдарды белгілеп, пікірінің скриншотын жасап отыратынымды ресми түрде мәлімдеймін. Менің заңгерлерім әрбір пікірді қарап, айтқан сөздеріңіздің негізінде істі сотқа жолдайтын болады.

Сіз өз пікіріңіз бен ойыңызды тек қана шығармашылығым жөнінде айта аласыз", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: АҚШ-та жылдың үздік полицейі деп танылған тағы бір қазақ жігіті туралы не білеміз? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534624-ush-balaly-azilkeshke-turmysqa-shyqqan-3.html