RU

Полиция көлігіне дәрет сындырып, елді шулатқан ер адам ұсталды

Алматы облысында патрульдік полиция көлігіне дәрет сындырып тұрған суретімен елді шулатқан ер адам ұсталды деп хабарлайды Sputnik Казахстан басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол шын мәнінде дәрет сындырмаған, тек қана сондай кейіпте суретке түскен.

"Ер адамға қатысты әкімшілік іс сотқа жолданды. Оған Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 434-бабы 1-бөлімі бойынша айып тағылды", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД-нің ресми өкілі Айман Мырзекова.

Тағы оқыңыздар: Маңғыстау облысындағы әскери бөлімшеден сарбаз қашып кетті

Еске салсақ, желіде полиция көлігінің үстіне шығып, бейәдеп әрекет жасаған ер адамның суреттері таралып кеткен болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534732-patruldik-policiya-koligine-daret-sy.html