RU

Тұрсынғали мен Баян елде болмаған той жасап, мыңнан астам қонақ шақыратынын айтты

Баян Есентаева мен оның сүйіктісі Wedding деп аталатын отандық журналға берген сұхбатында ел күткен тойдың неліктен көктемде болмағанын түсіндіріп берді. Күзде олар мыңнан астам қонақ шақырып, бүкіл елге дүркіретіп той жасамақшы деп хабарлайды NUR.KZ.

Ел көктемде болады деп күткен тойдың неліктен болмай қалғанын сұраған журналистің сауалына Баянның сүйіктісі өзі жауап беруді жөн санаған.

"Мен дәл қай жылдың көктемінде болатынын айтқан жоқпын ғой", - деп әзілдеген Тұрсынғали той міндетті түрде болатынын мәлімдеді.

"Жүзік тағып жүрміз. Дүркіретіп, елде болмаған той жасауды да жоспарлап отырмыз. Мыңнан астам адам шақырмақпыз. Оған арнайы зал іздеп жатырмыз. Бірақ аз уақыттың ішінде бұл шараға дайындалып үлгермейтін болғандықтан тойды көктемде емес, күзде жасауды жөн көрдік. Жазда достарымыз әр жаққа кетеді ғой. Сондықтан күзде жасайтын шығармыз", - деді ол.

Тағы оқыңыздар: Түркия президенті Ердоған мешіттегі айт намазы кезінде кенеттен есінен танып, құлап қалды

Ал Баян Есентаева болса, өмір бойы Алладан нағыз махаббаты сезінуге мүмкіндік беруін сұрап келгенін айтты. Сонымен бірге шынайы махаббат ешқандай тыйымға, ережеге бағынбайтынын да тілге тиек етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534786-tursynghali-alagozov-kuzde-mynhnan-ast.html