RU

Күйеуінің туыстарына у беріп өлтірген келін елді шошытты

Тәжікстанда күйеуінің бірнеше туысына уланған нан беріп, қырып салған 37 жастағы әйел ұсталды. Күйеуі мен қайын жұртын тұрмысқа шыға сала жек көріп кеткен әйел оларды оларды мақсатты түрде өлтірмек болған деп хабарлайды "Новости Кыргызстана" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Тәжікстанда екі адамды өлтірді деген күдікпен Хатлон облысының тұрғыны ұсталды. Оған күйеуінің туыстарын улап өлтірді деген айып тағылды.

37 жастағы әйел тұрмысқа шыға сала өзінің 43 жастағы күйеуі мен оның туыстарын жек көре бастаған.

Тәжікстан ІІД деректері бойынша, ол курутоб деп аталатын тағам әзірлеу кезінде ішіне жәндіктерге арналған у қосып, оны күйеуінің туыстарына ұсынған. Нәтижесінде 39 жастағы ер адам, оның 34 жастағы жары және кішкентай балалары ауруханадан бір-ақ шыққан. Бас-аяғы бұл нанды жеген 8 адам уланып, ауруханаға түскен. 39 жастағы отағасы ауруанада көз жұмған.

Бірақ қылмысын елден жасырған  әйел бұл әрекетін тағы қайталайды. Ол уланған нанын сол жылы туыстарына тағы берген. Нәтижесінде сол әулеттің 4 жасар қызы көз жұмған. Осылайша, тағы жеті адам ауруханаға түскен.

Кейіннен тергеушілер бұл істің бетін ашып, 37 жастағы әйелді "Кісі өлтіру" бабы бойынша қамауға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534857-kuyeuininh-tuystaryn-u-berip-oltirgen.html