RU

Кіші қажылыққа жолдама алған алматылық студент ел алдында көз жасын тоқтата алмады (фото)

«Нұр-Мүбәрәк» Ислам мәдениеті университетінен келген білікті ұстаздар Қадір түні уағыз айтып, түрлі қайырымдылық іс жасаған жандарды марапаттады. Сонымен бірге мешіттің бас имамы Нұржан Таласұлы Умра қажылығына жолдама ойнатты. Жолдаманы ұтып алған алматылық студент Маздақ Асқарұлы ел алдында көз жасын тоқтата алмады деп хабарлайды minbar.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Шара барысында «Жаныңда жүр жақсы адам» деген тақырыпта марапаттау шарасы болды. Шымкент өңірінен бірі 3 жасар, екіншісі 1,5 жасар сәбиді суға батып бара жатқан жерінен құтқарып қалған 6-сыныпта оқитын Демежан Сайлауұлы мен Мұхамедәли Агменұлы, ,Павлодарда өрттен 9 адамды құтқарып қалған Мансұр Рамазанға қомақты қаржылай сыйлығымызды табысталды.

 

Тағы оқыңыздар: Өз бойынан мін таппаған Жанар Айжанова: Халыққа жағу мүмкін емес (фото)

Сонымен бірге мешіттің бас имамы Нұржан Таласұлы Умра қажылығына жолдаманы ортаға салып, Асфандияров атындағы мединституттың 4-курс студенті Маздақ Асқарұлы жолдаманы ұтып алды. Қатты қуанған алматылық студент ел алдында көз жасын тыя алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1534899-kishi-qazhylyqqa-zholdama-alghan-almatyl.html