RU

Пәкістанда жанармай тасымалдайтын көлік жарылып, 149 адам тірідей жанып кетті (фото, видео)

Пәкістанның Бахавалпур қаласында жанармай тасымалдайтын көлік отқа оранып, салдарынан 149 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақат алған деп хабарлайды 2000.ua сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дереккөздің хабарлауынша, жанармай тасушы көлік жол үстінде аударылып, жүздеген тұрғын одан төгілген жанармайды құйып алу үшін оқиға орнына жиналған. Ал кенеттен өрт шығып, жарылыс болғанда кезде олар қашып үлгере алмай қалған.

Тағы оқыңыздар: Кіші қажылыққа жолдама алған алматылық студент ел алдында көз жасын тоқтата алмады (фото)

Мемлекеттің жедел қызметінің бастапқы мәліметтеріне сәйкес, қайғылы оқиғадан 141 адам қаза болған. Ал қалған жарақат алған 60 адамның жағдайы өте ауыр.

Ал кейін нақтыланған мәліметтерге сәйкес өрттің құрбаны 149 адам болған.

Сонымен қатар тілсіз жау жақын маңда тұрған 75 мотоцикл мен төрт көлікті күлге айналдырған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам төгілген жанармайдың қасында темекі шегіп, өрт сол шылымнан шыққан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535090-pakistanda-149-adam-tiridey-zhanyp-ketti.html