RU

Теміртауда екі адам бес жасар баланың көзінше мерт болды (фото, видео)

21 маусым күні шамамен күндізгі сағат екіде Теміртаудың алтыншы ықшамаудан тұрғындары қайғылы жағдайдың куәсі болды. Екі адам құтқарушылар келіп жеткенге дейін, бес жасар баланың көзінше тіл тарптай кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы Etemirtau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Екі адам шіріген картоптан қойманы тазартпақ болған. Картоп шірігенде көмірқышқыл газын бөлген. Нәтижесінде аталмыш қышқыл қоймадаға барлық ауаны жоқ қылған. Ал қоймаға түскен адамдар сол жерде тынысы тарылып, мерт болды", - дейді ТЖБ басшысы Арман Алпысбаев.

Тағы оқыңыздар: БАҚ: Тергеуге алынған ШҚО тұрғыны Ішкі істер бөлімінде қаза болды (фото)

Бірінші болып, қоймаға түскен ер адам есінен танған. Артынша оған көмекке асыққан әйел де шыға алмай қалыпты. Бұл жайтты көрген бес жасар бала бірден оқиға маңындағы адамдардан көмек сұрайды.

Тағы оқыңыздар: Пәкістанда жанармай тасымалдайтын көлік жарылып, 149 адам тірідей жанып кетті (фото, видео)

"Балақай келіп, ағасы мен тәтесі қоймадан шыға алмай жатқанын айтты. Мен көлік жөндеп жатқасын, қасымдағы әріптесім көмекке барған. Ол әйел ішкі ағзасын зақымдап алған болуы мүмкін деген оймен оған тиіспепті. Тек жедел жәрдем мен полиция шақыртқан", - дейді көлік жөндеуші Иван Стеценко.

Қоймада көмірқышқыл газының көп болғаны соншалық, құтқару операциясы барысында үш өрт сөндіруші зардап шеккен. Олар бір тәуліктей емханада жатуға мәжбүр болыпты.

Айта кетерлігі, аталмыш газ адамға бірден әсер етіп, тынысын тарылтады.

Құтқарушылар көкөніске толы қоймаға түспес бұрын онда кішігірім жанып жатқан қағаз лақтыруға кеңес береді. Егер қағаздағы жалын бірден сөніп қалса, қоймада ауа жоқ деген сөз. Қоймаға шіруі мүмкін жемістер қоймауға тырысқан абзал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535113-temirtauda-eki-adam-bes-zhasar-balanynh.html