RU

Алматыда бір сағатқа жалға берілетін келіндерге жұрт таласып жатыр

Алматыда "Бір сағатқа жалға берілетін келіндер" қызметі пайда болды. Олар қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша түрлі дәстүрлі жиындарды атқаруға көмектесіп, қонақ күтуге әзір деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жалға берілетін келіндер қызметін жолға қойған алматылық кәсіпкер Элмира Сыздықованың айтуынша, бұл үй шаруасын атқаруға уақыты жоқ кәсіпкер әйелдер, мансап қуған жалғызбасты қыз-келіншек үшін таптырмас қызмет. Тапсырыс беруіңіз сол-ақ екен төрт келіншектен тұратын "келіндер" бастарына орамал салып, үйіңізге лезде жетіп келеді.

Олар қазақ салтына сай жоралғылардың барлығын жасап, жұмысты жеңілдетеді, дейді Элмира.

Оның айтуынша, бұл қызметтің орташа құны шамамен 40 мың теңгеден басталады.

Тағы оқыңыздар: Бес минутта төрт шаурманы жеп тастаған астаналық тұрғын жұртты таңырқатты (фото)

"Тағамдардың түр-түрін, әзірлеп, дастархан жайып, қонақты күтіп, оның үстіне соңында ыдысын жуып, тазалап бір-ақ кетеді. Бізге көбінесе ақшасы көп, бірақ уақыты жоқ клиенттер хабарласады. Яғни, қалталы бизнес-ледилерге қызмет көрсетеміз. Қыздардың барлығы ұлттық киім киіп, ұлттық салт-дәстүрдің барлығын атқарады", - дейді Элмира.

Оның айтуынша, бүгінде бұл қызмет түріне деген сұраныс артып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535208-almatyda-bir-saghatqa-zhalgha-beriletin.html