RU

Астанада бес минуттың ішінде бірнеше шаурма жеген қомағай жігіт кім? (фото)

Демалыс күндері қала тұрғындары үшін түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылатын елордада алғаш рет шаурма жеуден жарыс өткізілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қала тұрғындарының қарасы үзілмейтін дәмханада сайыс қатысушыларына арнайы үстелдер әзірленіп, оған шаурма мен сусындар қойылды.

Тағы оқыңыздар: Сүйіктісіне бола Қазақстанға келген турист Астананың көріксіз қала екенін айтты

Байқауға қатысуға ниетті қала тұрғындары тиісті орындарына жайғаса кетіп, жарысты бастап та кетті. Бар-жоғы бес минут ішінде шаурманы барынша көп жеуге тырысқан қатысушылар сайыстан оқ бойы озық шығу үшін барын салды.

Сайыста қатысушыларға қолдау көрсеткен шаһар тұрғындарының саны да көп болды.

Осылайша, бес минутта төрт шаурманы жей білген жей білген Нұрлан есімді жігіт сайыс жеңімпазы атанып, дәмханадан бір ай бойы шаурмаға тегін тапсырыс беру құқығына ие болды.

Тағы оқыңыздар: Қайрат vs Димаш: Кімнің фанаттары мықты?

"Жеңімпаз болғаннан кейін бе, көңіл күйім көтеріңкі. Алдағы уақытта да осындай жарыстар ұйымдастырылып тұрса, міндетті түрде қатысатын боламын. Маған мұндай сайыстар ұнайды", - деп өз әсерлерімен бөлісті қала тұрғыны.

Ал сайысты ұйымдастырушылар мұндай шаралар енді екі апта сайын өткізілетінін айтып, тұрғындарды аталған сайыстарға қатысуға шақырды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бір сағатқа жалға берілетін келіндерге жұрт таласып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535216-bes-minutta-tort-shaurmany-zhep-tastagha.html