RU

Ресейдің бай-бағландары ерке тотай балаларын қалай еркелетеді?

Ресейлік бай-бағландар балаларын қалай еркелетінін NUR.KZ порталы Anews сайтына сілтеме жасап, назарларыңызға ұсынады.

Расим Мамишев

«Конрад» компаниясының басшысы Вагиф Мамишевтің ұлы Расим 19-ға енді толады. Әзірбайжан миллиардерінің ұлы жастығына қарамастан, қымбат көлітерде жүйткіп, қаруларымен жиі мақтанады.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бір сағатқа жалға берілетін келіндерге жұрт таласып жатыр

Көпшілік оның Mercedes Gelandewagen, Audi R8 және Chevrolet Tahoe көліктерін байқап үлгерген.

Ресейде тұратын жас жігіт питерлік модель Полина Смирновамен көңіл жарастырған.

Модель қыз танымал дизайнер Ульяна Сергеенконың ағасымен айырылысып, Расиммен кездесе бастайды.

Филипп Газманов

Филипп Газмановтың әкесі олигарх емес, жай ғана әнші.

Соған қарамастан, Филлип қымбат ұшақтар мен көліктерде қыдырып, шалқып өмір сүреді.

Ол осы жылдың күзінде 20 жасқа толады.

Сергей Саркисов

Миллиардер Сергей Саркисовтің ұлы Сергей де байлығымен жиі мақтанып жатады.

Жақында 18 жасқа толғанын дүбірлетіп атап өткен жас жігіт ең қымбат деген шипажайларда жиі демалып жүреді.

Нина Гулевич

25 жастағы Нина Гулевичтің Instagram парақшасы Ресейде ерекше танымалдыққа ие.

Бойжеткен денсаулыққа пайдалы тағамдар ұсынатын желі ашып, өз бизнесін бастаған.

Абдул Каранаев

Дағыстандық Абдул Каранаев спортқа және экзотикалық жануарларға әуес.

Одан бөлек Абдул қымбат көліктерді ұнатады.

Тағы оқыңыздар: Қазақ көрермені танымал актрисадан айырылып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535261-reseydinh-asta-tok-baylary-balalaryn-q.html