RU

Ақтөбеде түлектердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды (видео)

Түлектердің жаппай төбелеске шыққан сәтінен видео желіде тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видео Instagram желісінің aktobe_zello парақшасында жарияланған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқыс жағдай 25 маусым күні Түргенев көшесінде болыпты.

Тағы оқыңыздар: Бес минутта төрт шаурманы жеп тастаған астаналық тұрғын жұртты таңырқатты (фото)

"Түлектер жаппай төбелесіп қалды. Оларды полицейлер алып кетті", - дейді видео авторы.

Видеода костюм киген жастар бір-біріне жұдырық сермеп, итеріп жатқаны байқалады. Қыздар мен жігіттердің айқайы естіледі. Фотолардан оқиға орнына бірнеше полиция көлігі келгенін байқай аламыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535273-aqtobede-tulekterdinh-zhappay-tobeles.html