RU

Қазақ көрермені танымал актрисадан айырылып қалды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында ұзақ уақыт қызмет істеген, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Жанғалиева өмірден озды.

Жарты ғұмырын театрға, жалпы ғұмырын өнерге арнаған талантты актриса ел жадында еңселі образдармен сақталатыны анық.

Тағы оқыңыздар: Алматыда кино түсірушілер татуажы жоқ қыздарды таппай жатыр

60-тан аса қойылымда басты рөлді сомдаған Бақыт Жанғалиева көрерменге "Қазақ хандығы" сериалында Жəнібек ханның анасы арқылы да таныс.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі М.Әуезов атындағы академиялық драма театрда бүгін өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535333-qazaq-korermeni-tanymal-aktrisadan.html