RU

Америкалық жігіт гей парадқа Қазақстанның байрағын көтеріп шықты (фото)

Нью-Йоркете өткен 35-ші гей парадқа америкалық ЛГБТ өкілі қазақтың туы бейнеленген киім киіп, Қазақстанның туын көтеріп шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Аталған шара жексенбі күні Нью-Йорктің орталығында болған. Жылына бір рет өтетін шара елдегі ең үлкен парад болып саналады. Себебі 300-ге жуық ұйымдастырушы жұмылдырылып, мыңдаған ЛГБТ көшенің бойымен жүріп өткен. Оларды миллиондаған көрермен тамашалапты.

«Биылғы парадта америкалық гей Қазақстанның туын көтеріп  шықты. Ол қазақтың туы бейнеленген киіммен жүрген. Мұндағы мақсат - Қазақстандағы ЛГБТ-ларға тілектес екенін білдіріп және бұл мемлекеттегі гейлердің проблемасын, олардың өмірі қауіп-қатерде екенін АҚШ тұрғындарына жеткізу»,-дейді ұйымдастырушылар.

Ал, Қазақстанның туын гей парадта желбіреткен қатысушы бұрын Қазақстанда оқыған екен.

«Қазақ жері мен елін жоғары құрметтеймін» деген ЛГБТ елдегі геи қауымдастығының жағдайы және көгілдірлердің жартылай заңды құқықтары жанына батқанын айтты.

Айта кетерлігі, аталған шарада көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің де тулары желбіреді. Аталған мемлекеттердің рәмізін америкалықтар емес, орыс тілді тұрғындар көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535374-amerikalyq-zhigit-gey-paradqa-qazaqst.html