RU

Асқар Ақаев вокзалда еден жуатын қырғыз жастарын құшағына алды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевты Санкт-Петербург вокзалында суретке түсіріп алды. Фотоның авторы журналист Анна Качкаева оны Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Күтпеген кадр. Қырғызстанның бұрынғы президенті Ақаевты Питердегі жүрдек пойыздарды тазалап жүрген отандастары қоршап алған. Қырғыз жастары "Сапсанның" Мәскеуге жүргелі тұрған жерінде осы тарихи тұлғамен тілдесіп, суретке түсті", - деп жазды парақшасында Анна Качкаева.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бір сағатқа жалға берілетін келіндерге жұрт таласып жатыр

"Керемет көрініс болды. Қыздар жилеттерін шешіп тастап, аталарымен құшақтасса, жігіттер оның қолын алды. Шындығында нағыз тарихи фотосессия болды", - дейді ол.

Еске салсақ, Асқар Ақаев қырғыз елін 1990 жылдан 2005 жылдың 24 наурызына дейін басқарды. Ол мемлекеттік төңкерістен кейін  отбасымен бірге елден кетіп қалды. Содан бері Ақаев Мәскеуде қызмет етеді. Ол физика пәні оқытушысы кәсібіне қайта оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535427-asqar-aqaev-vokzalda-eden-zhuatyn-qyrgh.html