RU

Шымкентте Merсedes мінген жігіт үш сиырды жайратып салды (фото, видео)

Mercedes көлігінің жүргізушісі Шымкент тас жолында үш сиырды басып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

25 маусым күні сағат кешкі тоғызда Шымкент тас жолында Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген жас жігіт жолды кесіп өтпек болған үш сиырды басып кетті.

Тағы оқыңыздар: Алматыда кино түсірушілер кірпік жалғамайтын қыздарды таппай жатыр

Оқыс жағдай кешқұрымда болғасын, жүргізуші жануарларды көрмей қалған болуы керек. Абырой болғанда, сау тамтығы қалмаған көліктен жас жігіт аман шыққан. Ал сиырлар сол жерде жан тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535447-shymkentte-mersedes-mingen-zhigit-ush-siyrdy-zhay.html