RU

Алматыда кино түсірушілер татуажы жоқ қыздарды таппай жатыр

«Қазақфильм» киностудиясы «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» және «Тұмар» тарихи туындысына табиғи сұлу қыздарды іздеп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Екі бірдей киноға актерлар іздеп жатқан мамандар кастинг барысында қойылатын басты талаптарды да жария етті.

«Спорттық дене бітімді, жасыл немесе көк көзді, шаштары сарғыш адамдарды қуана қарсы аламыз. Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз», - делінген баспасөз хабарламасында.

Тағы оқыңыздар: Қазақ көрермені танымал актрисадан айырылып қалды

Айта кетейік, «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігі» фильмін Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Sataifilm кинокомпаниясымен бірлесіп түсіргелі отыр.

Ал массагеттердің патшайымы туралы «Тұмар» атты тарихи жобаға кастинг үстіміздегі жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады.

Кастингке 16 жастан жоғары барлық қазақстандықтар қатыса алады.

Кастинг Алматы қаласында іріктеу киносудияның ғимаратында, сонымен қатар Қазақстанның басқа да қалаларында өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535467-almatyda-kino-tusirushiler-kirpik-zhal.html