RU

Отандық миллиардердің қызы әдептілігімен елді сүйсінтті (фото)

Отандық миллиардер Райымбек Баталовтың қызын алған "Ал давайлық" әнші Шоқан Маратұлы жұбайымен бірге алғаш рет ел алдына шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.

Әншінің тойының болғанына біраз уақыт өтсе де, олар әлі де бал айына аттанбаған. Себебі жас жұбайлар бүгінде баспанасын жөндеумен айналысуда.

Шоқанның айтуынша, олар жуырда бір айға бал айына Еуропаға аттанбақ.

Тағы оқыңыздар: Алматыда бір сағатқа жалға берілетін келіндерге жұрт таласып жатыр

Ел алдына жас жарын алып шыққанымен, Шоқан ол туралы ешқандай сұраққа жауап бермей қойған. Ол тіпті жары тегін ауыстырды ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты.

Ал миллиардердің қызы Әнел Баталова болса камераға түсуден бас тартып, елді ұяңдығымен таңғалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535483-otandyq-milliarderdinh-qyzyn-alghan.html