RU

ОҚО тұрғыны мұғалімдерді "Егемен Қазақстанға" күштеп жаздыратынын айтты

Facebook-те Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының білім бөліміне жүктелген 2017 жарты жылдыққа газетке жаздыру жоспары жария болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазбаны өзінің парақшасында Жарқынбек Сейтінбет есімді желі қолданушысы қалдырған. Жазба авторы мұғалімдерді газетке мәжбүрлеп жаздыруды отарлау жүйесінен қалған анайы қылықтардың біріне теңеген.

"ОҚО Сайрам ауданы білім бөліміне жүктелген 2017 жарты жылдыққа газетке жаздыру жоспары:

1. Егемен Қазақстан - 1700 дана

2. Казахстанская Правда - 250 дана

3. Оңтүстік Қазақстан - 900 дана

4. Южный Казахстан - 800 дана

5. Жанубий Козогистон - 3100 дана

6. Мәртөбе  - 2500 дана

7. Пульс Сайрам - 1000 дана

8. Сайрам садоси - 2500 дана

Бұл бір аудан. Осының бәрі мұғалімдер мойнында. Ауданның басқа бөлімдеріне де жүктелген. Осы мәжбүрлеуден кім құтқарады? Демократия ғана құтқарады", - деп жазады ол.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік жігіт пен ақтөбелік қыздың махаббаты көпшілікті елжіретті (фото)

Осы жазбаға сәйкес, аудандық білім бөлімі алдағы жарты жылда 12 мың дана газетті өткізіп беруге міндеттеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535581-oqo-turghyny-mughalimderdi-egemen-qaza.html