Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік жігіт пен ақтөбелік қыздың махаббаты көпшілікті елжіретті (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе қаласының кішкентай тұрғыны Гүлім Құрманбаева NUR.KZ порталына армандарын айтып, сырларымен бөлісті. 29 жастағы қыздың бойы өспей қалған.

"Үйдегі 5 баланың кішісімін. Туғанда салмағым қалыпты болған. Екі жастан бастап денем өспей белгі берген, ІІІ- топ мүгедегімін. Ақтөбеге Ойыл ауданынан келдім. Ауған соғысы ардагерлер қоғамында офис менеджері болып жұмыс істеп жүрмін. Жұмыстан тыс кезде спортпен айналысамын", - дейді Гүлім Құрманбаева.

Бойының кішкентайлығына қарамастан Гүлім спорттың ауыр атлетика түрімен тұрақты айналысады. ІІІ-топ мүгедегі штанг көтеруден сау адамдармен де бақ сынасып жүр.

Тағы оқыңыздар: ОҚО тұрғыны мұғалімдерді "Егемен Қазақстанға" күштеп жаздыратынын айтты

"Жеңіл атлетика мен ауыр атлетиканы қатар алып жүрмін. Қазір кыркүйекте болатын спартакиадаға дайындалып жатырмын. Спортты бала кезімнен жақсы көрдім. Мектепте дене шынықтыру сабағына қатыстырған жоқ. Жалғыз өзімді үйге қайтарып жібергенде күйінетін едім. 2011 жылдан бастап спортпен шұғылданамын. Бір жыл ішінде спорт мастері жəне спорт кандидаты атағын алдым. Арманым-əлем, Азия чемпионы болу", - дейді өзінің армандары туралы айтқан Гүлім.

"Айналамның барлығы мүгедектер. Достарым да тағдырлас адамдар. Кейде олардың көптігіне қарап, сау адамдар қалмағандай сезіледі. Мүгедектер арасында ұйымдастырушымын. Олар көбіне үйде отыратын адамдар. Соларды қыдыртып, саябақтарға барамыз", - дейді ол.

Əңгіме арасында Гүлім жүрегіндегі тəтті сезімінің де шетін шығарды.

"Əлеуметтік желі арқылы Шымкенттен тағдырлас жігітпен таныстым. Бұйырғанын көреміз. Ол бала арбада отырады. Жұмысында құлап, арбаға таңылған. Көңілін білдірді, ол маған ұнайды. Ұсыныс жасаса қабыл аламын", - дейді көзі бал-бұл жанған бойжеткен.

29 жастағы Гүлім сүйікті жар, ана болуды армандап жүр. Əлеуметтік желіде танысқан Шымкенттің жігітімен бір жыл бойы желі арқылы хабарласып отырған. Жігітті биыл Шымкент қаласына емге барған кезінде көрген. Көңілінен шыққанын жасырмады.

"Жылына бір рет тағдырлас адамдар бірігіп, Қазақстандағы шипажайларда ем аламыз. Ол жерде бізді кемсітетін ешкім жоқ. Барлығымыздың да кемшілігіміз бар. Кейде көшеде кемсітіп, қол шошайтып қарайтындар болады. Іштей қамығасың. Сондай кезде бойым өссе екен, арбадағы адамдар жүріп кетсе екен деп армандайсың. Əр қыз бала тұрмыс құрып, ана, жар болуды армандайды. Адам жеке өміріне көңіл бөлу керек. Мен өзіме көңіл білдірген жігітпен өмірімді байланыстырғым келеді. Қиындықты бірге жеңу үшін демеу болсам деген тілегім бар. Қиындық болған сайын адам қайсарлана түседі екен. Мен соны түсіндім", - дейді Гүлім Құрманбаева.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандықтар үшін бірінші шілде жұмыс күні болмақ

Бойы кішкентай қыздар өздерінің арасында "кішкентай мисс" арудың анықталғанын қалайды.

"Бойы кішкентай қыздар арасында конкурс ұйымдастырса деп армандаймыз. Қазақстанда олардың саны көп. Біздің табиғатымыз ерекше, мультик сияқты адамдармыз. Бойлары қысқалар көп нəрседен қысылып, өздерін көрсетпейді. Өнерлерін тұншықтыра береді. Еліміздегі кішкентай адамдардың басын конкурс арқылы қосса деп кейде қиялдап кетемін", - дейді Гүлім Құрманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1535614-shymkenttik-zhigit-pen-aqtobelik-qyzdy/

pixel