RU

Тойдан қыруар ақша табатын Асхат Тарғын жұпыны үйде тұратын болып шықты (фото)

Тойдан қыруар ақша табатын Асхат Тарғын шағын ғана екі бөлмелі үйін көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында ол елге баспанасын көрсетті.

Жуырда ғана жаңадан шаңырақ көтерген әнші жас келіншегін өзінің тұрып жатқан екі бөлмелі пәтеріне алып келген.

Асхаттың шағын ғана ұясын келіншегі сәндеп, жаңа перделер сатып алған.

Әншінің айтуынша, ол бұл пәтерді 2015 жылы 82 мың долларға сатып алған.

Сатып алғалы ол оны сәндеуге әуре де болмаған. Тіпті пәтердің перделері болмаған көрінеді.

Әншінің жатын бөлмесінен қымбат жиһаз бен сықап тұрған бағалы кәдесыйларды кездестіре алмайсыз. Ол керісінше қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша бөлмеге шымылдық құрып қойған.

Асхаттан 13 жас кіші келіншегі де басынан орамалын тастамайды.

Жас жұбайлардың қонақ күтетін бөлмесінде теледидар, көрпешелерден басқа ешнәрсе жоқ болып шықты. Өзге әншілер секілді сарайы болмаса, әнші бұл үйінде бақытты екенін айтты.

Ал асүйде тұрған мына жиһазды ол тіпті сатып алып әуре болмаған екен. Себебі оның көмекшісі бұл жиһазды өз қолымен әзірлеп берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535635-toydan-qyruar-aqsha-tabatyn-askhat-targh.html