RU

Мәскеуде жезөкшелікпен айналысқан қазақстандық бойжеткен ұсталды

Мәскеудегі тұрғын үйлердің бірінен жезөкшелер ордасы әшкере болды. Пәтерде жезөкшелікпен айналысатын бес бойжеткен ұсталған. Олардың бірі - Қазақстан азаматшасы. Бұл туралы «360» арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бойжеткендер жезөкшелер ордасының қожайынын атаудан бас тартты. Ал өзін Майя деп таныстырған Қазақстан азаматшасы пәтер тазалаушы болып жұмыс істеймін деп ақталған.

Тағы оқыңыздар: Отандық миллиардердің қызы әдептілігімен елді сүйсінтті (фото)

Жеңіл жүрісті қыздар жезөкшелер ордасының жабылып қалатынына еш қайғырмады. Олардың бірі басқа жұмыс табуда еш қиналмайтынын алға тартты.

Құжаты болмаған жезөкшелер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жезөкшелікпен айналысқандары үшін оларға айыппұл салынады. Ал қазақстандық бойжеткен Ресейден қуылуы мүмкін.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1535643-qazaqstandyq-boyzhetken-maskeude-zhez.html