RU

Құны 900 мың доллар тұратын көйлек сатып алған қалыңдық туралы не білеміз? (фото)

Бұдан бірнеше күн бұрын бүкіл әлемді өзіне қаратқан әйгілі Сваровскилер империясының мұрагері Виктория үйлену тойын дүркіретіп атап өтті. Өміріндегі айтулы мереке бүкіл елдің есінде қалуы үшін ол 900 мың долларға қалыңдық көйлек сатып алды деп хабарлайды ресейлік басылымдарға сілтеме жасап NUR.KZ.

Мұндай бағасы қымбат көйлекке 500 мың асыл тас жапсырылған. Бес метрлік шлейфін қоса есептегенде оның салмағы 46 келіге тең болды. Бұдан бөлек қалыңдық ұзындығы сегіз метрлік фата таққан.

Үйлену тойын ол ашық аспан астында өткізді. Келген меймандар гүлмен көмкеріп тастаған ғажайып орындықтарға жайғасып, естен кетпес әдемілікке куә болған.

Тағы оқыңыздар: Отандық миллиардердің қызы әдептілігімен елді сүйсінтті (фото)

Үйлену тойы нағыз ертегідегідей болып өткен. Ол ТриЕст қаласында болды.

Қалыңдығына 900 мың доллар тұратын көйлек алып берген азаматтың есімі жалпақ жұртқа танымал емес. Венер Мюрц ірі халықаралық компанияның инвесторы.

Тағы оқыңыздар: Тойдан қыруар ақша табатын Асхат Тарғын жұпыны үйде тұратын болып шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535646-quny-900-mynh-dollar-turatyn-koylek-satyp.html