RU

Cүйіктісінің бұрынғы күйеуіне қатысты сұрақты ұнатпаған Альварес сұхбатты үзіп тастады

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) сүйіктісінің бұрынғы күйеуі туралы сұрақтан кейін сұхбатты үзіп тастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жағдай Лос-Анджелесте қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) өткен баспасөз турында болған.

Журналистердің бірі "Канелоға" "Жекпе-жек алдында Мексика әнұранын актер әрі әнші Марк Энтони орындаса қалай қарайcың?" деген сұрақ қойған.

Айта кетейік, 41 жастағы Марк Энтони 2016 жылдың желтоқсан айына дейін Венесуэла моделі Шеннон де Лимеге үйленген болатын. Ал қазіргі уақытта ол модель Альвареспен кездесіп жүр.

"Ол пуэрторикалық. Мексикадан емес. Осы жайлы ойлап көрерсіздер", - деді де сұхбатты үзіп тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535891-cuyiktisininh-burynghy-kuyeuine-qatyst.html