RU

Мұхамедиұлы: Алакөлде демалу Түркияға барғаннан да қымбатқа түседі

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық демалыс орындарындағы бағалардың удай қымбат екенін және оны қалай арзандатуға болатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

"Әрине, көпшілігі бағаның қымбат екенін айтады, альтернатива қашан болады, неге біз интенсивті түрде жылжымаймыз дейсіздер, ұсыныс көп болған жағдайда, баға құны түседі, сол себепті туризмнің кең құлаш жаюы біздің де қызығушылығымызда.

Біз мұндай шектеулі ресурстарға ие болғанда, қолында тұрған басқа адамдар әрине жоғары баға ұстайды", — деді министр "Туризм және Болашақ Энергиясы" халықаралық пресс-конференция барысында журналистерге.

Мұхамедиұлы ұсыныстардың көбірек болуы Қазақстандағы демалыс бағасының құнын арзандататынына сенімді. Бұл процессті жеңілдету үшін Қазақстандағы туризмді дамытудың жаңа концепциясын жасау ұсынылды.

Тағы оқыңыздар: Cүйіктісінің бұрынғы күйеуіне қатысты сұрақты ұнатпаған Альварес сұхбатты үзіп тастады

"Жасыратыны жоқ, Түркия мен Эмиратқа бару - Алакөл мен басқа да демалыс аймақтарына барғаннан арзан. Сол себепті біз Қазақстандағы туризмді дамыту концепциясымен белсенді түрде айналысудамыз.

Концепция деген не - бұл жәй ғана қабылдап, жаба салатын бағдарлама емес, ол кейіннен біз қолымызды қоятын заңдық актілерге ие болады.

Әрине ол барлық ұйымдардың ол заңды  орындауын міндеттейді. Сол себепті біз біраз асығып,  концепциямыздың тезірек қабылдануы үшін алға жылжуымыз керек", — деді  министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535957-mukhamediuly-alakolde-demalu-turkiyagh.html