RU

Жеті метрлік аттракционға ілініп қалған қыз ғажайыптың күшімен аман қалған

Нью-Йорктегі саябақтардың бірінде жасөспірім қыз жеті метрлік аттракционға ілініп қалды деп хабарлайды news.day.az сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Зардап шегуші қыз орындыққа қанша жабысып отыруға тырысқанмен, бұл әрекетінің көмегі тимеген. Оны жерге құлатпай ұстап қалу үшін оқиға маңына бір топ адам жиналды. Кейбіреулері қыз құлаған кезде жарақаттанып қалмасын деп ағаш бұтақтарын ұстап тұрған.

Тағы оқыңыздар: Өзбекстандық студент қыз Ердоғанның күзетшісін өлтірді деген күдікке ілінді

Құтқарушылардың үстіне құлаған жасөспірім емханаға жеткізілді. Саябақта аттракционның жабылатынын және арнайы мамандармен тексерістен өтетінін хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1535995-aqsh-ta-zhasospirim-qyz-uzyndyghy-zheti.html