RU

Астанада Назарбаевтың қолтаңбасын көруге келген тұрғындар сағаттап кезекке тұрды (фото)

Елордадағы аптап ыстыққа қарамастан демалыс күндері қаланы аралап, шаһардың көрікті жерлерімен танысқысы келген туристердің қарасы қалың. Әсіресе ауқымды жөндеу жұмыстарынан кейін тұрғындар үшін өз есігін айқара ашқан «Бәйтерек» монументін тамашалаушылар санында шек болған жоқ. Олар сағаттап кезек күтіп, ғимарат ішіне кіре алмай әлек болды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Күрделі жөндеуден кейін, іші жайнап сала берген «Бәйтерек» монументіне келушілер саны бүгін де көп. Алдымен ғимараттың сыртқы есігіне тұмшалаған олар ғимарат ішіне кіре сала да кезек күтуге мәжбүр болды.

Айтуларынша ғимараттың жоғарғы қабатына көтерілетін жеделсаты саны мұнда бар-жоғы екеу екен.

Тағы оқыңыздар: ОҚО тұрғыны мұғалімдерді "Егемен Қазақстанға" күштеп жаздыратынын айтты

«Астанаға отбасыммен бірге Шымкенттен келген едім. Бұған дейін де талай мәрте Астанаға келгенбіз, бірақ «Бәйтерекке» шығып көрмеппіз. Сол себепті, бүгін осы жаққа бет бұрған едік. Көріп тұрсыздар, мына ыстықта ұсақ балалармен жүру өте қиын.

Сыртта кезек күткен соң, ішінде лифтке кіре алмай қанша тұрдық. Басында адам азаятын шығар деп ойлаған едік. Бірақ, керісінше, бізден кейін келіп кезекке тұрғандар саны көбейе берді», - деп шағымданды шымкенттік Маржан есімді келіншек.

Расымен де, меймандар арасында жасы кішкентай бүлдіршіндермен жүрген аналар саны көп болды.

Кезекке шыдай алмаған олар қоларбаларын ысыра салып, өздері қабырғаға бойлай қойылған орындықтарға  жайғаса кеткен.

Жедел сатыны қала қонақтары 15 минуттан аса күтті.

Ал жоғарыда жұртшылық елбасының қолтаңбасы бар тақтайшаны тамашалау үшін баспалдаққа кезекке тұрып, оның ілгері қарай жылжуын тағатсыздана күтумен болды.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанға бес миллион қытай қоныс аударуы мүмкін

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында Астананың символы саналатын «Бәйтерек» монументі реконструкцияға жабылып, өткен аптада қала тұрғындары үшін өз есігін ашқан болатын.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік жігіт пен ақтөбелік қыздың махаббаты көпшілікті елжіретті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1536077-astanada-nazarbaevtynh-qoltanhbasyn-k.html